Қанат Ислам Астанадағы жекпе-жегіне дайындықты бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және Inter-Continental, WBA Fedelatin және Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам 9 қыркүйек күні болатын жекпе-жекке Алматы облысындағы AIBA бокс академиясының базасында дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір QAZAQ Алматы облысындағы AIBA бокс академиясының базасында жаттығуда. Қарсыласын 2-3 күнде жариялаймыз. Әзірге келіссөз жүргізілуде. Қанат Исламның жекпе-жегі 9 қыркүйекте Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Жекпе-жекте 9 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді деп күтілуде. 9 қыркүйекте Астанада жойқын дауыл болады!» деп жазды Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Соңғы жаңалықтар