Қанат Ислам Астанадағы бокс кешінде кімдер жұдырықтасатынын айтты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде Айдар Шарыбаев, Елшат Нығыметоллаұлы, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығады.

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, танымал кәсіпқой боксшысы Қанат Исламның айтуынша, бұл күнде қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды.

«Қытайда кәсіпқой бокста жүрген қандасымыз Елшат Нығыметоллаұлы қазақстанда алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы, жеңіліп көрмеген әзербайжандық боксшы Фарид Алиев. Ол бұған дейін 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен»-, деді Қанат Ислам ҚазАқпарат тілшісіне.

Бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылар төмендегідей:

Айдар Шарыбаев (Қазақстан) - Айвазиди Артем (Украина)

Асхат Уалиханов (Қазақстан) - Юров Ярослав (Украина)

Абылайхан Құсайынов (Қазақстан) - Мороз Максим (Украина)

Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Довбищенко Костянтин (Украина)

Елшат Нығыметоллаұлы (Қытай) - Фарид Алиев (Әзербайжан)

Соңғы жаңалықтар