Қанат Ислам Алматыда өтетін Махамбет пен Исатайды еске алу турниріне келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі боксшы Айдар Шәрібаевтың Алматыдағы спорт клубында әуесқой бокстан Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлын еске алу турнирі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерацияның мәлімдеуінше, турнир 2-3 наурыз күндері өтеді. Жекпе-жектерді тамашалау үшін құрметті қонақтар, соның ішінде танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам да келеді.

Турнирдің екінші күні болатын финал кездесулері аясында жанкүйерлер арасында бокспен айналысуға берілетін тегін абонементтердің ұтыс ойыны ұйымдастырылады.

Биыл қазақ батырларын еске алу мақсатындағы турнирлерді жыл бойы, ай сайын өткізу жоспарланған. Белгілі кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев осындай бастаманы көтеріп шықты.



Автор: Азамат Сыздықбаев

Соңғы жаңалықтар