Қанат Ислам әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік кәсіпқой бокс порталы BoxRec бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0-0,21 КО) Алматы қаласында өткен жекпе-жегінің нәтижесін ресми тіркеді.

Жаңартылған рейтингіге сәйкес, Қанат 137.9 ұпаймен орта салмақта 17-орынға жәйғасты (жекпе-жекке дейін Қанат 89.59 ұпаймен 41-орында болған), ал қарсыласы Уолтер Каутондоква (18-2, 17 КО) 67.88 ұпаймен 25-орыннан 41-орынға сырғыды.

Айта кетейік, орта салмақтың әлемдік рейтингінде Саул Алварес (1 636 ұпай), Геннадий Головкин (1 277 ұпай) және Дэниэл Джейкобс (709.7 ұпай) көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 27-ші жекпе-жегін өткізіп, намибиялық қарсыласы Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімі бойынша жеңіп, орта салмақтағы WBO International белдігін қорғап қалды.

Соңғы жаңалықтар