Қанат Ислам 25 ақпанда шаршы алаңға шығады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кезекті жекпе-жегін 25 ақпанда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жекпе-жек кеші Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Оның қарсыласы әлем чемпионы белбеуіне үміткер Ұлыбритания елінің өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО) болмақ.

ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бұл айқаста орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы ақпарат таратты.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам алғашқы жоспар бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарында жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, коронавирустық шектеулерге байланысты жарыс кейінге шегерілді.

Джимми Келли соңғы кездесін өткен жылдың 12 желтоқсанында өзнің отандасы Гарри Мэттьюспен (16-50-3, 2 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін өткен жылы 20 ақпан күні Майамиде өткізген. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.


Соңғы жаңалықтар