Қанат Бозымбаев: Президент тапсырмасына сай энергетика саласы жоғары сатыға өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Президенттің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарының бекітілуіне орай өзі басқаратын министрлік қандай бағытта жұмыс жүргізетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзіңіз білетіндей, Үкіметтің жұмысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға негізделіп келеді. Энергетика министрлігінің міндеті бойынша ел экономикасын өркендетуді жалғастыру мақсатындағы негізгі шаралар даяр. Күтіп отырғанымыздай, отын-энергетикалық кешен жаңа кен орындарының іске қосылуымен жұмысын жандандыра түсуі керек. Ары қарай инвестиция тарту бойынша жұмыс та жалғасын табады. Сала жақын арада бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, саты-сатымен цифрландырылады. Біз елге ауқымды түрде газ тарту жұмысын жандандырамыз», - деді Қанат Бозымбаев ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекіткен болатын. Қазақстан Республикасының Президенті «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар