Қанат Бозымбаев өзінің орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің үйқамаққа алынуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, вице-министр Жақсалиев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту жұмыстарын қабылдауда заңға қайшы әрекеттерге барды деп айыпталды және үйқамаққа алынды. 

Министр Жақсалиевтің Щучье-Бурабай аймағындағы көлдерді тазартуға қатысты іс бойынша үйқамаққа алынғанын, бұл жұмыстың 2013 жылы басталғанын атап өтті.

«Мердігер ұйыммен келісімшарт 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өзге ведомствода бекітілген және жылдар бойы жалғасып келген. Күдік тудырған эпизод 2015 жылға қатысты. Ол кезде мен мүлдем басқа жерде жұмыс істеп жүргенмін. Сондықтан, бұл мәселе бойынша пікір бере алмаймын. Оның үстіне құжаттарды Ұлттық бюро алып кетті, тергеу жүріп жатыр», - деп жауап берді министр Үкімет үйіндегі журналистер сұрағына.

Сондай-ақ, министр Бақытжан Жақсалиевтің өте білікті маман екенін жеткізді.

«Өз тарапымнан өкініш пен аяушылық қана білдіре аламын. Әлі де жаңсақтық орын алды деп үміттенемін. Себебі, біздің ұжым, Энергетика министрлігі, тұтас республикадағы энергетиктер Бақытжан Мұхамбетқалиұлын білікті және кәсіби энергетик, әріптес деп біледі. Және бұл істің тергеу жұмыстары министрлік жұмысына, ондағы міндеттемелерімізді атқаруға еш ықпалын тигізбейтініне үміттенемін», - деп өз сөзін түйіндеді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар