Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 24 °С
USD 327.11 EUR 386.74
RUB 5.34 CNY 51.37
Жаңалықтар

Қанат Бозымбаев: Көмір өндіру қарқыны қалпына келтірілді

2018 жылғы 13 ақпан 14:19 892
Бөлісіңіз:
Қанат Бозымбаев: Көмір өндіру қарқыны қалпына келтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпан айының ортасына дейін Қазақстанда көмір өндіру қарқыны 100 пайыздық деңгейде қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Халықты көмірмен қамту мәселесіне қатысты айтып өтсем. Жедел ақпараттарға сәйкес, 2018 жылдың басынан бастап, 12,7 миллион тонна көмір өндірілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 97 пайызды құрайды. Көмір өндіруші кәсіпорындар 2018 жылдан бастап электр станцияларына 7,3 миллион тонна, халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне 1,2 миллион тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 952 мың тонна, экспорт үшін 3 миллион тоннаға жуық көмір тиеген», - деп баяндады Қанат Бозымбаев Үкімет басшысына.

Энергетика министрі көмір өндірудегі 3 пайыздық артта қалу ең алдымен күннің суық болуына және көмір кендеріндегі гидравликаның жұмысына байланысты болғанын атап өтті.

«Бірақ, бүгінгі күні көмірді өндіру қарқыны қалпына келді. Біздің ойымызша, осы айдың ортасына дейін көмір өндіру қарқынының 100 пайыздық көрсеткішіне жетеміз», - дейді ол.

Қанат Бозымбаев аталған мәселені реттеп отыру үшін қолға алынуы тиіс жұмыс туралы айтты.

«Көмірмен қамту мәселесін ретке келтіру үшін Сізден жергілікті атқарушы органдарға көмірдің жеткізілуі мен қоры турасында тәулік сайын ақпарат беріп отыруды жүктеуіңізді сұраймыз. Жергілікті атқарушы органдарға күн сайын ақпарат беріп отыруды міндеттеуіңізді өтінеміз. Одан ары қарай біз күн сайын жүйеленген ақпаратты осында - Премьер-Министрдің Кеңсесіне жолдап отырар едік», - деді Бозымбаев.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат