Қанат Бозымбаев: Қазақстанда атом станциясы салына ма, жоқ па - ТЭН анықтап береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы Қазақстанның атомдық элекстростанциясының техникалық-экономикалық негіздемесін құру жұмысын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сілтеме жасап.

«Осы жылдың соңына дейін біздің «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы техникалық-экономикалық негіздеме құру жұмысын бастап кетеді деп жоспарлап отырмыз. ТЭН-нің құрылуы келесі жылы «иә немесе жоқ» деген сұраққа жауап беретін болады. Демек, Қазақстанда атом станциясы салынуы керек пе, жоқ па - ТЭН-нің нәтижесі анықтап береді», - деді Қанат Бозымбаев ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумында.

Сонымен бірге, энергетиканың бұрынғы вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Қазақстанда электростанция салынатынын, бірақ оның нақты қашан іске асырылатыны белгісіз екенін атап өтті.

«Нақты қазіргі уақытта Қазақстанда атом станциясының құрылысы жүріп жатпағанын мәлімдегім келеді. Бірақ, сонымен бірге, біз бұл тұрғыда АЭС Қазақстанда болатынын түсінеміз. Біз оны жүзеге асырудың мақсатын қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда электр энергиясының 30 проценті толық қуатта жұмыс атқарып тұрған жоқ. Осылайша, АЭС-ты салу бойынша нақты шешім қабылданбады», - дейді вице-министр.

Вице-министр өз сөзінде Қазақстанның әлемде бірінші болып табиғи уранды өндіріп жатқанын, елімізде бірыңғай ядролық-отын орталығы ашылып жатқанын және АЭС салу мәселесі талқыланғанын атап өтті.

«Бұл диалектика. Егер біз еліміздегі экология мәселесімен айналысқымыз келсе, АЭС құрылысы сөзсіз энергиямен қамтамасыз ету және жылыжайлық газдардың қалдықтарын төмендететін база бойынша жасалған үлкен қадам болады.     

Соңғы жаңалықтар