Қанат Бозымбаев ішкі нарыққа қажетті жанар-жағармайдың 1 айлық көлемін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемгі егістік жұмыстарына қажетті дизельге тапсырыс толық көлемде орындалуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқарат тілшісі.

«Осы жылдың басынан бүгінге дейін мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты және жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. Ішкі нарыққа қажетті жанар-жағармай резервтерінің 1 айлық қоры 338 мың тонна бензин және 282 мың тонна дизель отынын құрайды», - деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, көктемгі егістік жұмыстарына дизель отынын жеткізу кестесіне сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 375 мың тонна, оның ішінде Атырау зауыты арқылы 92,3 мың тонна, Павлодар зауыты арқылы 195,6 мың тонна және Шымкент зауыты арқылы 87,1 мың тонна көлемінде дизель отыны жеткізілген. Сонымен қатар дизель отынын жөнелту жоспарының орындалуы наурыз айында 100 пайызға жақын болды. Ал сәуір айында 91 пайызды құрады. Оған төлемдердің кешіктірулі, жолда болуы немесе жүк тиеу стансаларының көлемі себепкер болды.

«Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәйкес дизель отының қажеттілігі толық көлемде орындалуда»,- деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар