Қанат Бозымбаев: Экология министрлігін құру дұрыс шешім болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табиғи ресурстар шоғырланған бөлек ведомство құру туралы шешім қабылданды. Геология жерді зерттеу туралы ғылым, сондай-ақ ведомствода қоршаған ортаны қорғау мәселесі қамтылған. Бұл өз кезегінде өте дұрыс шешім болды деп санаймын», - деді министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол экология мәселелері бұған дейін Энергетика министрлігінің құзыретінде болғанын еске салды.

«Қазіргі кезде бөлек мемлекеттік ведомствоның құрылуы дұрыс шешім екенін атап өткім келеді. Бұл министрлік қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қадағалайды», - деді Бозымбаев.

Оның пайымынша, жаңа ведомство қадағалайтын салаларды дамытуда тың серпін болады.

«Экономика мен қоғам дамуының әрбір кезеңінде мемлекеттік басқарудың өзіндік органдар конфигурациясы болуы керек», - деді Энергетика министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қанат Бозымбаев жаңа министрлікке басшы ретінде тағайындалған өзінің бұрынғы орынбасары Мағзұм Мырзағалиевке қатысты пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар