Қанат Бозымбаев ЕАЭО-да ортақ энергетикалық нарық қалай құрылатынын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ энергетикалық нарықты құру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, ортақ энергетикалық нарықта бірыңғай реттеуші орган болмайды. Әрбір мемлекет өз жүйесін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты жүргізетін болады.

«Бізге 2025 жылға дейін дайын болу керек. Ең бастысы, барлық шаралар тең дәрежеде атқарылады. Мәселен, ресейлік компаниялар Қазақстанға келсе, отандық кәсіпорындарға қандай тариф берілсе, оларға да сондай тариф беріледі. Сол сияқты қазақстандық компаниялар Ресей нарығына кірсе, оларға да тура сондай жағдай жасалады. Бір сөзбен айтқанда, әрбір мемлекет өз заңнамасына сүйенеді. Ортақ нарық болса да, бірыңғай реттеуші болмайды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір елдің энергетикалық жүйесі қала береді. Ал ортақ нарық аясында бірлесіп жұмыс істеудің қағидаттары болады», - деді Қ.Бозымбаев бүгін Астанада өткен жиында.
null

Айта кетейік, ағымдағы жылы мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақта ортақ энергетикалық нарықты құруға арналған xаттама рәсімделеді. Аталған шара ЕАЭО туралы келісімшарттың бес жылдығына орай ұйымдастырылады.

«Хаттама нарықты құру кезеңдерін реттейтін болады. Негізі, аталған құжаттың кейбір тармақтары бойынша әлі күнге дейін қызу талқылау жүріп жатыр. Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің арасында бірқатар мәселелер болды. Дегенмен, біз оның бәрін реттеп алдық. Сосын экспорт пен импортпен айналысатын арнайы ұйымды құруға қатысты маңызды бір мәселе болды. Қазақстанда кез келген компания рұқсат алып, энергияны экспотқа шығара алады, импорт жасауға да болады. Ал Ресейде ондай жұмыспен арнайы ұйымдар айналысады. Осының үлгісінде әрбір мемлекетте арнайы ұйымды құру мәселесі көтерілген болатын. Бірақ біз өз позициямызды қорғай алдық. Экспорт пен импортты монополизациялаудың қажеті жоқ деп санаймыз», - дейді Қ.Бозымбаев.

null

Соңғы жаңалықтар