Қанат Бозымбаев бензин қоры туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ішкі мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жанар-жағармай тапшылығы байқалмағанына тоқталған министр, «Қазіргі кезде АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы литріне 156 теңге, дизель отыны 182 теңге деңгейінде. 13 тамыздағы жағдай бойынша, ішкі нарыққа қажет жанар-жағармай қалдықтарының шамамен бір айлық қоры сақталуда. Бензин бойынша 336 мың тонна және дизель отыны 246 мың тонна мөлшерінде қалыптасты», - деді Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар, министр күзгі егін орағы науқанына орай фермелерге қажетті көлемінде дизель отыны жеткізілгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар