Қанат Бозымбаев бензин бағасына қатысты айтылатын сынға жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпара - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасына Қазақстанға қарағанда қай елдерде қымбат екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салыстыру үшін 167 елдің арасында мұнай өнімдері бағалары бойынша халықаралық «Global Petrol Prices» агенттігінің рейтингін ұсынғым келеді. Басқа елдерге қарағанда бізде мұнай өнімдерінің құны қымбат деген сөздер жиі естіледі. Бұл ретте тәуелсіз агенттіктің рейтингін көрсеткім келеді. Бензин бағасы бойынша соңынан бастап қарағанда Қазақстан 12-ші орында, ал дизель отыны құны көрсеткішінде 14-ші орында тұр. Яғни, 167 елдің арасында  бізбен салыстырғанда тек 11 елде бензин арзанырақ, осы орайда Венесуэла, Иран, Кувейт, Түрікменстанда баға төмен. Дизель отыны 13 елде арзан, олар: Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түрікменстан...», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сонымен қатар, Қ. Бозымбаев мұнай өндіретін Сауд Арабиясы, БАӘ, АҚШ, Ресей, Әзербайжан секілді елдерде бензин Қазақстанға қарағанда қымбаттау екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар