Қанат Бозымбаев Атом электр стансасы құрылысын қолдай ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Атом электр стансасының құрылысына қатысты түбегейлі шешім әлі шыққан жоқ . Бұл туралы бүгін елордада халыққа есеп беру кездесуі барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АЭС құрылысы бойынша шешім әлі қабылданбады. Қазіргі уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰК-ның еншілес компаниясы «Қазақстандық атом электр стансасы» АҚ атом электр стансасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеумен айналысып жатыр. Содан кейін ғана халықаралық компания жүрігізетін ТЭН нәтижелері негізінде біз бірнеше сарапшы тартып, шешім қабылдайтын боламыз», - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде әлем елдері атом электр стансасының құрылысына қатысты екіге жарылып отыр. Мәселен, Франция мұндай станса салып жатса, Германия оның құрылысынан бас тартқан.

«Өзіме келер болсам, біз уран нарығында басымдыққа ие елміз және әлемдік нарықтың 40 пайызын алып отырмыз. Сондықтан шикізат сатып, баға конъюктурасына тәуелді болмау үшін көлбеу интеграцияланған компания құруға міндеттеміз», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар