+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

2021 жылғы 24 қараша 11:08
Бөлісіңіз:
Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді Шығыс Қазақстанда жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген ҚР Президентінің Жарлығы мәтінінде.


Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

2000-2001 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті болған.

2001-2007 жылдар аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2007-2009 жылдар аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, «KEGOC» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

2009-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі.

2013-2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT