Қанат Алпысбаев «Қазпоштаға» басшы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазпошта» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен Қанат Алпысбаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін Қанат Алпысбаев «Самұрық-Қазына» қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған, 2008-2018 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген» деп хабарлады қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

Бұған дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Қанат Қалиұлы Алпысбаев 1972 жылы 31 наурызда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келген.

Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Магистрлік ғылыми дәрежесі бар.

1994 жылдан 2002 жылға дейін Тың темір жолы кәсіпорындарында, «Қазақстан темір жолы» РМК, түрлі бағыттағы акционерлік қоғамдарда жұмыс істеді.

«Эйр Астана» ЖАҚ қаржы және басқару жөніндегі директоры, қаржы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті болған. 2005 жылдың қарашасынан 2008 жылдың маусымына дейін «Дженерал Электрик» корпорациясы филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2013 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді. 2013 жылғы қаңтардан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін – «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті болды.

2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың қарашасына дейін - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті – Басқарма төрағасы болды.

2018 жылдан бүгінгі тағайындауға дейін - «Самұрық-Қазына» қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры болды.


Соңғы жаңалықтар