Қанастағы неке қию рәсімі Гиннестің рекордын жаңартты - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ташкентте үлкен тарихи қазына табылды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі
null

Ташкентте үлкен тарихи қазына табылды. Ондағы бір кітаптың бағасы 600 мың доллар тұрады, деп жазды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Аталған ақпарат көзінің мәлімдеуінше бұл жолғы табылған тарихи мұраның алар орны ерекше.

«Ежелгі дәуірдің тарихын меңзейтін кез-келген тарихи қазына ол - сандыққа толы алтын теңгелер көмілген жерді көрсетуші карта немесе сол кезеңге байланысты қолжазбалар мен жәдігерлер болсын қашанда құнды саналған. Ал Ташкенттен табылған қазынаның ерекшелігі жоғарыдағы айтылған байлықтың екеуі де болғандығы. Мұндағы алтын теңгелер мен ежелгі кезең дәуірінен дерек беруші сырлы карталар, діни қолжазбалар және икона бейнесі тәпсірленген бірегей тарихи бағасы әзірге беймәлім өте құнды үлкен қазына Ташкенттен табылды»- деп жазды uza.uz/kz

Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігінің келтірген дәйегіне сенсек, шетелдік тарихи жәдігерлерді сатып алушы ұйымдар бұл жолғы табылған қазынадағы алтын теңгенің бір талы үшін 600 мың доллар баға ұсынған.

«Анығында осы құнды теңгенің бағасы қанша? Бұл үлкен қазына құрамында IX-XIX ғасырлар арасында Шығыс Түркістан аймағында, сондай-ақ XVIII және XX басында Ресей мен Еуропаның бірнеше елдерінде басылған алтын, күміс және мыс теңгелер коллекциясы бар. Табылған қазына арасынан Әмір- Әлімхан дәуіріне тиесілі қолжазбалар мен Европа, Азия құрлығы жайында сыр шертетін өте құнды заттар сақталған» деп жазады Өзбекстандық БАҚ.

«Қанастағы» ерекше неке қию рәсімі Гиннестің рекордын жаңартты - «Ағажай-Алтай»

Қытайдың Алтай аймағына қарасты танымал демалыс орны «Қанас» көлінде қызықты шара өтті. 1 шілде күні Қытайдың әр өлкесінен келген 56 ұлттан құралған 700 жас жұп неке қию салтанатты рәсімін өткізген.
null

Бұл туралы осы аптада «Ағажай-Алтай» порталы жазды.

Салтанатты шараның қатысушылары санының әр ұлттан, әр өңірден келуінің және 700 жұптан тұруының өзіндік себебі бар екен.

«Бұл жолғы шара өміріміздегі ең ғажап сәттердің бірі. Құдды бір кинодағыдай. Уақыттың дәл осы сәтінде шараға қатысушылар әртүрлі ұлттан, әр өңірден болсақта, барлығымыздың арамызда ортақ бір байланыстың барын сезіндік. Бұл жолғы «Қанаста» басқосумыздың негізгі себептерінің бірі осы еді. Ал 700 жұптың жиналуы ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған»- дейді неке қию рәсіміне қатысушылар.
null

«Қанаста» өткен неке қию салтанатты шарасы Гиннестің рекордын ресми түрде жаңартты.

«Үлкен өмірге қадам басқан жас отау иелері өздерінше шоу ұйымдастырды. Шараға қатысушы 534 жігіт бір сәтте өз сүйіктілеріне ұсыныс жасады. Сөйтіп, бір уақытта сүйіктілеріне ұсыныс жасау жағынан Гиннестің рекордын ресми түрде өзгертті. Бұған дейін Хыбейде (ҚХР-да - авт.) 387 жігіт бір уақытта сүйіктілеріне ұсыныс жасаған болатын»,- деп жазады altxw.com.

Рәсімге қатысқан жас жұбайлар «Қанас» көлі аумағында демалуға мүмкіндік алды.

Құмды мүсіндер фестивалі басталды - TRT

null

14-ші Халықаралық Анталия құмды мүсіндер фестивалінің биылғы тақырыбын «Теңізде туған аңыздар» деп белгіленді, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Фестивальде көрсетілген туындыларды 15 мүсінші 10 мың тонна өзен құмын пайдалана отырып, салған. 200-ге жуық туынды арасында әлемнің 7 кереметінің үлгілері де бар.

null

Ақпарат көзінің мәліметінше, фестиваль Лара қалашығындағы жағажайда 10 мың текше метрлік аумақты қамтыған және оған 200 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Анталиядағы Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі әлемдегі құмды композициялардың алғашқы және бірегей ашық көрмесі.
null

«Түнгі уақытта құмды мүсіндерге жарық түсіру үшін арнайы жүйе қолданылады. Келушілер фестиваль алаңынан аты аңызға айналған Атлантиданың, Шотландия аңызы Финфолктың, Солтүстік Еуропаның құбыжығы - кракеннің, Кореядан шыққан тасбақа-кемелері - кобуксонның, теңіз құбыжығы левиафанның, акваменнің, су перісінің, сиренаның, посейдонның және басқа да құмнан жасалған мүсіндерін тамашалай алады» деп түйіндейді trt.net.tr.

«Мақсатымыз қазақ емшілігіне мұрагерлік ету» - «Ағажай-Алтай»
null

Қытайдың Алтай қаласындағы «Қазақ емшілігі шипаханасы» деп аталатын аймақтық емхана өткен аптада қаланың оңтүстік бөлігіне көшті. Жаңа мекенжайға көшкен қазақ медициналық орталығын қолдау мақсатында, осы аптада мемлекеттің әр өңірінен әйгілі дәрігер-мамандар келген, деп хабарлайды «Ағажай-Алтай» порталы.

Жалпы, қазақ медицинасы - қазақ шипагерлігі, қазақ емшілігі деп аталады. Заманауи медицина қалыптасқанға дейін халық емшілігі рөлі зор болған. Қазақ дәстүрлі медицинасын бүгінде Қытайда тұратын қазақтар өздігінше дамытып, заман көшіне ілестіруге күш салып келеді. Ұлтымыздың дәстүрлі ем-домдары қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда да өз құндылықтарын жоғалтқан жоқ.

Қазақтың шипагерлік дәсүрін заманауи емдеу-денсаулық сақтау iстерiмен ұштастыру мақсатында 1985 жылы Қытайдың Алтай аймағынан тұңғыш рет «Алтай аймақтық қазақ шипаханасы» ашылды. Бүгінде қазақ шипагерлiгiнiң ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргiзуiне жан-жақты мүмкіндіктер ашылған. Мұнда сан ғасырлар бойы емдеудің үлгілері бұлау, сынықшылық, бөбектердi маймен сылау, денсаулық қорғау әдiсi секiлдi сан түрлi әдiсi кең қолданылады. Қажырлы еңбектiң нәтижесiнде «Нарықталғы», «Iшкi айықтырғы», «Қаптек сырқатнама» қатарлы 9 бөлiмдi оқулық құрастырылып, Қазақ емшiлiгi жоғары оқу орындарында оқытыла бастаған.

Нақтырақ айта кетсек, қазақ емшілігін негіз еткен, емдеу, оқыту, ғылыми зерттеу және сауқтыруды бір қалыпқа келтірген ұлттық емхана altxw.com мәліметінше, 2015 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесі Жібек жолы экономикалық белдеуіндегі «Халықаралық қазақ емшілігінің емдеу орталығы» деп ресми атау берген. Аталған медициналық орталық 51,66 мың шаршы метр аумақты қамтыған.

Жаңа қонысқа көшкен орталықты қолдау мақсатында, осы аптада мемлекеттің әр өңірінен ел ішінде танымал 7 үздік дәрігер-маман келген. Олардың арасында Бейжің медицина университетінің, дәстүрлі қытай медицинасының, Тибет, Моңғол емшілігінің мамандары, сондай-ақ Шыңжаң медицина университетінің дәрігер-ғалымдары бар. Олар халықты тегін емдеген.

Өз кезегінде «Қазақ емшілігі шипаханасының» басшысы Дың Иұңжиян қазақ емханасын аймақтық әкімшіліктің қолдап, қуаттап келе жатқанын айтады.

«Аймақтық әкімшіліктің қолдауымен Қазақ шипаханасы бұрынғы шағын шипаханадан заманауи құралдармен жабдықталған емханаға айналды. Қазақ емханасы бүгінде тек емдеумен ғана айналыспай, жас мамандарды оқыту жұмыстарын да қолға алуда. Қазіргі басты мақсатымыз - өзгеше емдеу жолдары арқылы ауруға шипа бола отырып, қазақ емшілігін заманауи технологиямен сәйкестіру. Қазақ емшілігіне мұрагерлік ету, сол арқылы халық емшілігінің пайдасын халыққа жеткізу» дейді емхана басшысы.


Иран - Таяу Шығыста ғылыми тұрғыдан бірінші орында - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Саймаго компаниясының 2018 жылғы статистикалық талдауы мен рейтингісіне сәйкес, Иран Азияның батысындағы елдер арасында ғылыми өнімдер тұрғысынан бірінші орынға шықты, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

«Fars News сайтының хабарлауы бойынша, Саймагоның мәліметтері ирандық ғалымдардың 2018 жылы әртүрлі ғылымдар бойынша 60269 мақала жариялағанын көрсетеді. Соның ішінде 54915 мақала ғылыми тұрғыдан құнды әрі сілтеме жасауға болатын мақалаларды құрады. Әлемнің 155 елі арасында жасалған жалпы бір зерттеуде Иран әлемде 16 орында, Америка мен Қытай және Англия осы рейтінгтің басында тұр» деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі.

Соңғы жаңалықтар