Канар аралдарындағы жанартаудың оянуы: Әуежай жұмысын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пальма испан аралындағы жанартаудың атқылауынан күл жиналып, әуежай өзінің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сілтеме жасап.

Сенбіге жоспарланған барлық рейс тоқтатылды. Жарты ғасыр бойы ұйқыда жатқан Кумбре-Вьеха жанартауы өткен демалыс күні оянды. Жедел эвакуацияның арқасында ешкім зардап шекпеді, алайда лава 400-ден астам үйді қиратып, 14 шақырым жолды жермен жексен етті.
Пальма әуежайында жұмысшылар аумақты және ұшып-қону жолақтарын тазартуға кірісті. Әуежайдың жұмысын қашан қайта жандандыратыны әзірге белгісіз. Жолаушылар абдырап қалды.


«Бізге Тенерифеге дейін жолды төлеп беріп, әуежай қайта ашылмайынша, осы жерде қалуға ұсыныс жасалды», - деді турист.
Қазіргі кезде аралдан тек су арқылы кетуге мүмкіндік бар.
«Біз паром арқылы басқа аралға өтуге әрекеттеніп жатырмыз, мұнда демалуға келген едік», - деді саяхатшы әйел.
Портта паромға билет алуға тізілгендер кезекке тұруда. Кеме компаниялары сұраныстың көбеюіне байланысты рейстер санын арттыруға уәде берді.
Еске сала кетейік, өткен жексенбіде Испанияның Пальма аралында (Канар аралдары автономды қауымдастығы) тербелісі төмен бірнеше жер сілкінісінен кейін жанартау оянғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты сол күні кешке бес мың адам эвакуацияланды.


Соңғы жаңалықтар