USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Канар аралдарында атқылаған жанартауға байланысты 5 мың адам эвакуацияланды

2021 жылғы 20 қыркүйек 12:39
Бөлісіңіз:
Канар аралдарында атқылаған жанартауға байланысты 5 мың адам эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канар аралдары жанартаудың атқылау салдарынан лава ауаға көтеріліп, аралдың оңтүстігіндегі екі ауылына қарай бағыт алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай Twitter-дің негізін қалаған Джек Дорси компаниядан кетті

Арал үкіметінің деректеріне сай, билік Кабеса-де-Вактың халық сирек қоныстанған орман беткейіндегі ауылдардан, сонымен қатар Эль Пасо мен Лос-Льянос-де-Ариданеден тұрғындар мен малды эвакуациялауды бастады
Бұл жерде соңғы рет жанартау 1971 жылы атқылаған. Канар аралдарының президенті Анхель Виктор Торрес жексенбі күні кешке өткен баспасөз мәслихатында 5 000 адамның эвакуацияланғаны туралы мәлімдеді. Құрбандар туралы деректер жоқ.
«Қазіргі кезде лава жағалауға қарай жылжуда, оның зардабы елеулі болмақ. Сарапшылардың бағалауы бойынша, ол жерде 17-20 миллион текше метр лава бар», - деді ол. Канар аралдарына және кері қарай ұшу штаттық режимде жүзеге асырылуда.
Испанияның премьер-министрі Педро Санчес Пальма аралына жексенбі күні кешке жеткен.
Испанияның география институтының жанартаутану докторы Ставрос Мелетлидис атқылау салдарынан белес беткейінде бес жарық пайда болғанын айтты. Жанартау атқылауының қашанға дейін созылатыны белгісіз.
Өткен аптада Кумбре-Вьеха саябағында 22 000 жерасты дүмпуі тіркелген. Бұл Канар аралдарының жанартау атқылауы бойынша ең белсенді өңірлерінің бірі. Соңғы атқылау 1971 жылы болған. Ол кезде жанартау атқылауы салдарынан бір адам қаза тапқан.
Испанияның география институтының (ING) деректері бойынша, Пальма аралында тіркелген ең ерте атқылау 1430 жылы тіркелген.
Еске сала кетейік, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Испанияның Пальма аралында (Канар аралдары автономды қауымдастығы) тербелісі төмен бірнеше жер сілкінісінен кейін жанартау оянды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT