+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Каналға батып кеткен ер адамның денесі табылды - Қызылорда облысы

2021 жылғы 9 шілде 09:59
Бөлісіңіз:
Каналға батып кеткен ер адамның денесі табылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында каналға суға батып кеткен 31 жастағы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды Қызылордада биыл өңірге 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды Эпидахуалды бағалау матрицасы: Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті

Оқиға кеше, 8 шілдеде сағат 12.30 шамасында болды. Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылындағы оңтүстік коллектор каналында 1990 жылғы азамат рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайдлар департаменті жедел құтқару жасағынан 5 маман 1 техника және 1 жүзу қайығымен барды. Сол аумақта іздеу шаралары жүргізілді. Алғашқы күнгі іздеу нәтижесін берген жоқ. Жұмыстар бүгін де жалғасып, мәйіті сағат 7.00 шамасында суға түскен жерінен 200 метр қашықтықтан табылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұған дейін балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 36 адам суға кетіп көз жұмды. Оның ішінде жиырмасы - бала.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT