Канаданың 170 мың тұрғыны жарықсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канадада дауыл мен нөсер салдарынан 170 мың адам жарықсыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат СВС телеарнасына сілтеме жасап.

Канаданың шығысындағы Квебек және Онтарио провинцияларында бейсенбіге қараған түнде күн бұзыла бастады. Желдің жылдамдығы 110 км/сағатқа (30 м/с) дейін жетті. Дауыл жүздеген ағашты тамырымен қопарып, жарнама тақталарын жұлып әкеткен, электр сымдары үзілген. Квебектің оңтүстік және батыс аудандарында 80-100 мм-ге дейін жаңбыр жауып, көптеген елді мекенді су басты.

Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Квебек провинциясындағы бірқатар қалада, соның ішінде Монреальда 137 мың тұрғын үй, мектептер, дүкендер, мемлекеттік мекемелер жарықсыз қалды. Онтарионың шығысында 32 мың адам электрден қол үзіп қалды.

Екі өңірдің энергиямен қамтамасыз етуші компаниялары апаттық бригадалар электр желісін қалпына келтіріп жатқанын мәлімдеді. Бірақ қашан жарық берілетіні әзірге белгісіз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар