Канадалық лотереядан $4 млн ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Онтарио провинциясының тұрғыны «49-дан 6» ұлттық лотереясынан 4 млн доллар ұтқан, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Atlantic Lottery қауымдастығының хабарлауынша, ұтыс иегерінің аты-жөні әзірге белгісіз.

«Дәл түскен сандар - 16, 17, 21, 31, 39, және 49. Бонус сан - 29», - деп нақтылай кеткен ұйымдастырушылар. 
Әзірге жолы болғыш тұрғынның провинциядағы қай қаладан билет сатып алғаны да анықталмаған.
Канаданың ұтыс талаптарына сәйкес жүлдені алу үшін ұйымдастырушыларға лотерея билетін ұсынуы керек.
Бұдан басқа Британдық Колумбия тұрғынына 1 млн канада доллары ($790 мың) көлемінде «жұбаныш сыйлығына» шықты. 

Соңғы жаңалықтар