Канадалық лотереяда $47 млн ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Квебек провинциясының тұрғыны Lotto Max ұлттық лотереясынан 60 млн канада долларын ($47 млн) ұтып алды. Бұл туралы  Канадада осындай он шақты ұтыс ойынын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС  агенттігі.

Әзірге ұтыс иегерінің аты-жөні белгісіз. Канада ұтыс ойындарының ережесіне сәйкес жолы болған адам сыйақыны алу үшін ұйымдастырушыларға билетін көрсетуі тиіс, әрі оның есімі көпшілікке жария етіледі.

Рождество мерекесіне орай өткізілген (Канаде Рождествоны 25 желтоқсанда атап өтеді) лотереяда канадалық миллион доллар көлемінде ($780 мың) 32 ынталандыру сыйақысы болған. «Қазір 16 ұтыстың иегері анықталды», - деп мәлім етті ұйымдастырушылар.

Канадада 64 млн канада доллары болатын (сол кездегі бағамы $49,5 млн) ең ірі джекпот 2015 жылдың қазан айында ойналған еді. 

Соңғы жаңалықтар