Канадалық азамат лотереяда 10 млн. доллар ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада белгісіз біреу елдегі «49-дың ішінде 6» атты атақты лотереяда 13,3 млн. канадалық долларды ұтып алды. Бұл туралы жексенбі күні елде осыған ұқсас онға жуық ұтыс ойындарын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілдері хабарлады.

Қазіргі кезде билеттің Канадада халық ең тығыз орналасқан аймақтардың бірі - Онтарио провинциясындағы елді мекендердің бірінде сатылғаны анықталды. «Ойынға қатысқан сандар - 6, 27, 30, 34, 35 және 42», - деп нақтылады ұйымдастырушылар. Бұл лотереядағы келесі үлкен ұтыс ағымдағы жылдың 27 ақпанында болған. Онда Британдық Колумбия және Манитоба провинцияларының екі тұрғыны әрқайсысы 7,2 млн. канадалық доллар (5,45 млн. доллар) ұтқан.

2015 жылдың қазанында«49-дың ішінде 6» лотереясында Канада тарихындағы ең ірі джекпот - 64 млн. канадалық доллар ойнатылған, деп жазады ТАСС.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Канадада тағы бір атақты ұлттық лотерея ойыны - Lotto Max-та 60 млн. доллар көлемінде (43,3 млн. доллар) ұтыс көлемі жағынан екінші орында болған джекпот ойнатылған еді.

Соңғы жаңалықтар