Канадалық 28,5 млн теңгемен Алматы әуежайы арқылы шетел аспақ болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуажайында 28,5 млн теңгемен Қазақстан шекарасынан өтпек болған Канада азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы халықаралық әуежайында «Дубай-Алматы» рейсінің жолаушысынан тіркелмеген 73 245 еуро мен 1 500 АҚШ доллары көлемінде валюта табылған. Бұл қаржы теңгеге шаққанда 28 500 000 теңге болды.

«Мұндай құқықбұзушылықпен күрес белсенді жүргізіледі. Жыл басынан бері 17 дерек тіркелді. Жолаушылар жалпы сомасы 247 800 доллар, 17 500 еуро, 34 400 қытай юанімен және соларға қосымша 276 000 теңгемен ЕАЭО шекарасын аспақ болған», - делінген хабарламада.

ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтары 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы тіркемей шыға алады. Егер ақша шекті сомадан асып кетсе онда азамат кедендік декларация толтыру керек.

Соңғы жаңалықтар