Канададағы оқыс оқиға: ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне метеорит құлаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канадада ұйықтап жатқан әйелдің төсегінде метеорит құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Канадада Британдық Колумбияның Голден қаласынан Руф Гамильтонның ұйықтап жатқан бөлменің шатырын тесіп өтіп, шамамен адам жұдырығы көлеміндей метеорит тура оның төсегіне түскен. Бұл туралы The Golden Star жаңалықтар сайты өзінің Facebook -тегі парақшасында хабарлады.

Сұхбатында Гамильтон қатты ұйықтап жатқанын, кенеттен гипс-қатырма сынықтары бетіне құлағандығынан шошып оянғандығын айтты. Дереу жарықты қосқанда төбедегі тесікті көрген. Осыдан кейін ол 911 -ге оқыс оқиға жайлы қоңырау шалып, оператор сұрақтар қойып жатқанда, ол жатын бөлмеге қайта оралып, екі жастықтың бірінің астындағы белгісіз тасты байқаған.

Абырой болғанда төбені тесіп өткен метеорит басынан бірнеше сантиметрдей ғана жерде құлаған. Гамильтон метеоритті 10 қазанға дейін сақтады, содан кейін оны Батыс Онтарио университетінің ғалымдарына зерттеуге тапсырды. Құлаған метеориттің салмағы шамамен 1,3 келі болған.


Соңғы жаңалықтар