+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Канададағы кәсіпқой бокс кеші: Жүкембаев пен Сабыров жеңіске жетті

2019 жылғы 17 наурыз 09:09
Бөлісіңіз:
Канададағы кәсіпқой бокс кеші: Жүкембаев пен Сабыров жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) пен Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жектерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласында өтті. Оның андеркартында шыққан қазақстандық боксшылардың өнерін бүгін таңертең «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.

Бірінші орта салмақта айқасқан Батыр Жүкембаевтің қарсыласы мексикалық Хильберто Меса (10-5-1, 6 КО) болды. Он раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен қазақ боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Батыр кәсіпқой рингтегі 15-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал оның қарсыласы алтыншы рет жығылды.

Ал 25 жастағы Нұрзат Сабыров 32 жастағы аргентиналық Сесар Эрнан Рейносоға (15-11-4, 7 КО) қарсы шықты. Суперорта салмақтағы айқас сегіз раундқа есептелді. Жекпе-жек Сабыровтың пайдасына аяқталды. Жетінші раундта төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Қазақ боксшы алтыншы раундта қарсыласын нокдаунға түсірген болатын. Кейін оның басынан қан сауғалай бастады.

Бұл, Нұрзат үшін профи-рингтегі тоғызыншы жеңіс, оның сегізін ол нокаутпен аяқтады. Рейносо болса өз мансабында 12-інші рет жеңілді.

Қазақстандық қос боксшы жекпе-жектері алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT