Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді

None
Фото: Rod Maldaner
ОТТАВА. ҚазАқпарат - Полицияның екі қызметкері отбасылық жанжал кезінде оққа ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News арнасына сілтеме жасап.

Эдмонтон қаласы полициясының хабарлауынша, адам өліміне әкелген атысқа күдікті жасөспірім небәрі 16 жаста.

Полиция сонымен қатар жасөспірімнің өз-өзіне оқ атып қайтыс болғанын айтты.

Оның 55 жастағы анасына да оқ тиіп, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқан офицерлер - 35 жастағы Трэвис Джордан мен 30 жастағы Бретт Райан. Олар Эдмонтон қалалық полиция қызметінде жұмыс істеген.

Фото: Edmonton Police Service

Жергілікті полиция басшысы Дейл МакФидің айтуынша, офицерлерге бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:47 шамасында Эдмонтон тұрғын үй кешеніне шақырту бойынша жеткен кезде оқ атылған.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің анасы телефон шалып, үйінде жәбір көріп жатқанын айтты. Полиция қызметкерлері оны ғимараттың жанынан күтіп алды. Пәтерге жақындай бергенде, полиция қызметкерлеріне есік алдында жас күдікті бірнеше рет оқ атқан.

Оқ атқан жасөспірім бұрын сотталмаған, дейі полициядан. Атыс кезінде қарудың қандай түрі қолданылғаны айтылмайды. Қазір полиция оның қайдан шыққанын анықтап жатыр.

Канадада соңғы жарты жылда сегіз полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар