+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Канадада ұшақ апатынан қаза тапқандар Өзбекстан тумасы болып шықты

2019 жылғы 29 қараша 12:11
Бөлісіңіз:
Канадада ұшақ апатынан қаза тапқандар Өзбекстан тумасы болып шықты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан тумасы Отабек Облоқұлов, Бобомурод Набиев және олардың отбасы мүшелері Канадада ұшақ апатынан опат болғанын растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сахалинде 600-ге жуық балықшы жағалаудан бөлініп кеткен мұз үстінде қалды ШҚО-да қарға батқан жүк көлігі күре жолды бөгеген АҚШ-та 35 қайық өртеніп, 8 адам қаза тапты

Ведомствоның мәлімдеуінше, жеңіл моторлы ұшақты Отабек Облоқұлов басқарған. Ол әйелі және үш баласын алып, туыстарымен бірге (жалпы жеті адам) Торонтодан Кингстонға демалысын өткізу үшін бара жатқан. Қолда бар деректерге қарағанда, қайғылы оқиғаға ауа райының күрт нашарлауы себеп болған.

Қаза тапқандардың кім екендігі толық анықталған. Өзбекстан СІМ көз жұмғандардың мәйітін отанына қайтару мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Канаданың Онтарио провинциясындағы Кингстон қаласы әуежайының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Торонтодан ұшқан ұшақ Кингстон әуежайына қонуы тиіс болған. Бірақ кешкі бесте әуежайға жеті шақырым жетпей, орманға құлаған.

Авторы: Мирас Қуандықов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Өзбекстан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT