Канадада ұшақ апатынан 6 адам қаза тапты

None
Фото: Anadolu Agency
ОТТАВА. ҚазАқпарат – Канада тауларында шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында бес жолаушы мен ұшқыш болған. Олардың бәрі қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Калгари қаласының маңындағы әуежайдан жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында ұшып шықты. Сағат 01:00 шамасында ұшақтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі оқиғаны тергеуге кірісті.


Соңғы жаңалықтар