Канадада темір жолдағы апат салдарынан эвакуация жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канадада Альберта провинциясының оңтүстігінде улы химиялық заттарды тасымалдаған пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат канадалық CBC News-ке сілтеме жасап.

Баронс қалашығының маңындағы рельстен 21 вагон мен локомотив шығып кетті. Октан тасымалдайтын үш вагоннан сұйықтық аға бастаған, алайда мамандар сұйықтық шыққан жерді жедел бітеп тастаған.

Октанның жарылу қауіптілігі жоғары болғандықтан, жергілікті билік өкілдері оқиға орнынан екі шақырым радиустағы тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Жалпы алты үй, көршілес гольф-курстар мен кемпингтегі адамдар шұғыл көшірілді.

Одан бөлек жақын маңда өтетін автокөлік жолындағы қозғалысқа бірнеше сағатқа шектеу қойылды.

Қазіргі уақытта құтқарушылар аумақты төгілген химиялық ерітінділерден толықтай тазартты, алайда темір жолдағы қозғалыс әзірге қалпына келе қойған жоқ.



Соңғы жаңалықтар