+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Канадада тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа рекорды тіркелді

2020 жылғы 31 наурыз 08:58
Бөлісіңіз:
Канадада тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа рекорды тіркелді

ОТТАВА. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Канадада коронавирус жұқтырудың рекордтық саны тіркелді. Індет жұқтыру саны 6 258-ден 7 437 оқиғаға дейін өскен. Осылайша, тәулік ішінде елде Covid-19 вирусын 1179 адам жұқтырған, деп хабарлайды Канада Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Коронавирус жұқтырудың ең көп саны Квебек провинциясында тіркелді. Онда бір тәулікте 590 жаңа оқиға анықталған. Коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны - 3430 адам. Екінші және үшінші орында – Онтарио провинциясы (1706 оқиға) және Британдық Колумбия (960 оқиға). Британдық Колумбияда ауру жұқтырған адамдардың 48 пайызы сауықты. Онтариода 400 адам жазылып шықты.

Канадада коронавирус жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмеген жер – Нунавут арктикалық аумағы.

12 наурызда әлемдік БАҚ коронавирустың Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның зайыбынан анықталғанын хабарлаған. Лондоннан оралған одан тест алынып, індеттің бар екенін көрсетті. Премьер-министрдің өзі және үш баласынан вирус белгілері анықталмаған еді. Өткен демалыс күндері Софи Трюдоның толық жазылып, өзін жақсы сезінгені туралы жарияланды.

Канадада коронавирусқа шалдығудың бірінші оқиғасы 15 қаңтарда тіркелген. Індеттен көз жұмғандар саны - 89 адам.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT