Канадада шағын ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

None
None
ОТТАВА. ҚазАқпарат - Квебек провинциясында шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кешке провинициядағы ірі қала Монреальдан солтүстік шығысқа қарай 90 шақырым жерде болған. Оқиға болған жерге жедел жәрдем жіберілді. Алайда олар ұшқыш пен жолаушыны құтқара алмады. Қазір қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Апатқа қатысты тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар