Канадада шағын ұшақ апатқа ұшырады

None
None
ОТТАВА.ҚазАқпарат – Канададағы Альберта провинциясында сенбі күні шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBC телеарнасына сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай Эдмонтоннан оңтүстік батысқа қарай 70 шақырым жерде, Торсби қаласы аумағында болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар мен полицейлер екі адамның мерт болғанын анықтады.

Ұшақ апатына байланысты тергеу жұмыстары басталды.


Соңғы жаңалықтар