Канадада өрт салдарынан 3,8 мыңға жуық адам эвакуацияланды

None
None
ОТТАВА. ҚазАқпарат – Канадада Ред-Лейк елді мекенінің 3,8 мың тұрғыны (Онтарио провинциясы) орман өртінің кесірінен өз үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Бұл туралы сәрсенбі күні CTV телеарнасы қала мэрі Фреда Мотуға сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындардың біршама бөлігін жақын маңдағы елді мекендерге ұшақпен тасымалдаған.

Ред-Лейкте шамамен 4,1 мың адам тұрады. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге хабарланбай отыр.

Өрт сөндіру қызметінің деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта орман өрті қалаға жақындап қалған. Елді мекенге қарай соққан жел жағдайды одан сайын қиындатып отыр.

Қазіргі уақытта өртенген алқаптың көлемі 750 гектарға жетті, ал сейсенбіде 550 гектар болатын.


Соңғы жаңалықтар