Канадада көшеде оқ ату салдарынан бір бала қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канаданың Жаңа Шотландия провинциясына қарасты Дартмут қаласында көшеде оқ жаудыру салдарынан бір бала қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға сейсенбі күні шамамен сағат 00:07-де қала көшелерінің бірінде орын алған. Баланың жасы және ол туралы өзге ақпарат берілген жоқ, ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Атыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі кезде ешкім ұсталған жоқ.

Оқиғаның басқа мән-жайлары туралы ақпарат берілмеген.


Соңғы жаңалықтар