Канадада коронавирус жұқтыру саны бойынша антирекорд жаңарды

None
None
ОТТАВА. ҚазАқпарат – Канадада бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты антирекорд жаңарды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағатта елде 21 001 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Канадада инфекция жұқтырғандар санының артуы – коронавирустың омикрон штамының жылдам таралуына байланысты болып отыр. Елде ауруға шалдыққандардың жалпы саны 168,4 мыңнан асады.

Канаданың өңірлері дүйсенбі күні COVID-19-дан 22 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Омикрон штамының таралуына байланысты Канада өңірлерінің билігі карантин шектеуін айтарлықтай қатаңдатты.
Ережеге сәйкес, мейрамхана, спорт залдары, мәдени-ойын-сауық мекемелеріндегі болатын адамдар саны 50%-ға қысқарды. Көптеген мемқызметшілер мен жеке компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге ауысты.
Өткен аптада Канада билігі осы шектеуге байланысты жұмыссыз қалғандар мен шағын бизнес кәсіпорындарынан табыс таба алмай отырған азаматтарға қаржылай көмек беру бағдарламасын жаңартатынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар