Канадада қазақстандық каратэшілер жеті медаль иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канаданың Монреаль қаласында каратеден «А» сериясы аясындағы Премьер-лига турнирінде жеті қазақстандық медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, ерлер арасында 60 келідегі Дархан Асаділов пен әйелдер арасында сынға түскен 55 келідегі Сабина Захарова аталған турнирде қарсыластарының бәрін жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды.

Асаділов финалда жапониялық Саго Наотодан айласын асырса, Захарова финалда әлемде үздік бестікке енетін неміс қызы Яна Битчті ұтты.

Сондай-ақ, тағы бес спортшымыз қола жүлдеге қол жеткізді. 60 келідегі Еркінбек Байтөреев әлемдік рейтингте бірінші тұрған италиялық Анджело Кречензоны, 67 келідегі Дидар Әмірәлі тағы бір италиялық спортшы Лука Маресканы, 75 келідегі Ермек Айназарова словакиялық Давид Подстланды, 84 келідегі Игорь Чехмарев австриялық Робин Реттенбахерді жеңген болатын. Сондай-ақ, жақында Шанхайдағы турнирде жеңіске жеткен Софья Берульцева бұл жолы да үздік үштік қатарына енді.

Соңғы жаңалықтар