USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Канадада Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына орай веложарыс өтті

2020 жылғы 31 тамыз 05:26
Бөлісіңіз:
Канадада Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына орай веложарыс өтті

ОТТАВА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай Қазақстанның Канададағы Елшілігінің қызметкерлері веложарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, веложарыс символдық 25 шақырымды құрап, Оттава орталығы мен Гатино ауданының көрікті жерлерінен өтті.

«Елшілік ұйымдастырған веложарыс – қазақстандықтарға алғыс білдірудің тамаша тәсілі. Қазақстан мен Канаданың көптеген ұқсастықтары бар – бұл ұқсас табиғи-климаттық жағдайлар, екі елдің де аумағы үлкен және халықтың саны айтарлықтай көб емес, табиғи ресурстарға бай. Біздің елдеріміз екіжақты форматта да, халықаралық аренада да өзара тиімді ынтымақтасады. Сыртқы саясатта Қазақстан, Канада тәрізді, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Біз сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ жүйесі шеңберінде және басқа да көпжақты алаңдарда канадалық әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл жасаймыз. Канадамен екіжақты қарым-қатынасты дамытуда біз ортақ мақсаттар мен әлеуетті мүмкіндіктерге сүйене отырып, өзара іс-қимыл жасауға тырысамыз. Осындай мүмкіндіктердің бірі – спорт», - деп атап өтті Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған) әмбебап қағидаттарға негізделеді және адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылықпен айқындайды. Азаматтардың денсаулығы мен әлеуметтік жауапкершілік Қазақстан мен Канада үкіметтері үшін басым мақсаттар болып табылады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT