Канадада қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге жеткізу үшін қаржы жинау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ванкуверге жақын жердегі тауда болған қайғылы оқиғаның құрбанына айналған Қазақстан азаматы Метхат Әбеновтің денесін жеткізу үшін оның туыстары, достары мен қайырымды жандар қаржы жинауды бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазіргі таңда осы жағдайға байланысты құрылған Gofundme парақшасында 10 мың АҚШ доллары жиналған. «Қымбатты достар, барлығымыз сүйікті досымыз Метхат Әбеновтің тауда болған жазатайым оқиғаның салдарынан қайтыс болғанын білеміз. Бұл біз үшін - орны толмас қайғы. Ол өте жақсы, қамқор адам болды. Көптеген адамдар оны сағынатын болады!», - делінген парақшадағы хабарламада.

Қаржы жинауға қатысты бойынша парақшаны құрушылардың сөзіне қарағанда, олар көмектескісі келетін жандардан хаттар мен хабарламалар алған. Олардың айтуынша, Метхаттың сақтандыруы осы қайғыға байланысты шығындарды жаппайды. Сондықтан, олар барлық қайырымды жандардың Метхаттың отбасына көмектесіп, оның денесі мен жерлеу рәсіміне ақша жинауды сұраған.

Globalnews.ca ақпараты бойынша, Метхаттың денесін жергілікті құтқарушылар тапқан. 27 жастағы қазақстандық тауға серуендеуге кетіп, белгіленген уақытта келмеген. Бұдан бұрын хабарланғандай, марқұм Британ Колумбия университетіне өз күшімен грантқа оқуға түсіп, Канададағы SNC Lavalin компаниясында жұмыс істеген. 

Соңғы жаңалықтар