Канадада қауіпті заттар тиелген 10 вагон рельстен шығып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Монреаль қаласынан (Квебек провинциясы) шығысқа қарай кейбір вагондарында қауіпті заттар тиелген тауарлық пойыз рельстен шығып кетті. Бұл туралы CBC телеарнасы Канада ұлттық теміржолының өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға салдарынан тауарлық пойыздың 10 вагоны рельстен шығып кеткен, алайды қауіпті заттар сақталып қалған, деп атап өтті телеарна.

Оқиғаның неден болғаны туралы ақпарат әзірге түспеген. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар