+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Канадада қалың қар жауып, әуе рейстері тоқтады

2019 жылғы 12 ақпан 11:19
Бөлісіңіз:
Канадада қалың қар жауып, әуе рейстері тоқтады

ОТТАВА. ҚазАқпарат - Канадада қалың қар жууы салдарынан әуе рейстері, мектептер мен университеттердегі сабақтар тоқтады, жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СВС-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні билік білім беру мекемелерін, жолдарды жабу, әуе рейстерін тоқтату туралы шешім шығарды. Себебі, елдің басым бөлігіне қалың қар түсіп, оның биіктігі 10-15 см құраған. Бұл айлық жауын-шашын нормасынан асып отыр.

Әуежайларда әуе рейстерінің тоқтатылып және кешіктіріліп жатқанын хабарлады. Жолаушылар мен күтіп алушылардан үйден шығар алдында ұшу туралы ақпаратты тексеріп алуларын сұрауда.

BC Ferries көлік компаниясы Ванкувер қаласы мен Ванкувер аралы арасындағы паромды рейсті тоқтатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қаладағы қоғамдық көліктер жұмыстарында да іркілу байқалып жатыр.

Канада пошта қызметі Үлкен Ванкувер, Ванкувер аралдары және Оңтүстік жағалау агломерациясы үшін тоқтағаны туралы «сары ескерту» жариялады.

«Біз пошталарды жеткізу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, бірақ кешігуі мүмкін», - делінген мәлімдемеде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT