Канадада электр қуатымен жабдықталған құпия бункер табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Торонто полициясы 2015 жылы Панамерикалық ойындар өтетін спорттық алаңдардың бірінің маңынан құпия бункерді анықтады, деп жазады ВВС.

Бункерде электр қуатын беретін генератор да бар. Полиция өкілінің айтуынша, бункерге апаратын туннельдің ұзындығы шамамен 7 метр, ал жерден төбеге дейінгі биіктігі ересек адамның бойымен бірдей.

Құпия жертөле Торонтоның солтүстігіндегі Йорк универститеті аумағындағы теннис стадионынан жақын жерде орналасқан.

Бункердің не үшін салынғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар