Канадада Батыр Жүкембаевтің айқасына барлық билеттер сатылып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) басты айқаста шығатын Канададағы бокс кешіне барлық билеттер сатылып кетті. Бұл туралы боксшының PR-менеджері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өтеді.

Қазақстандық боксшы бірінші орта салмақтағы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын қорғайды. Қарсыласы – аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО).

«Қарсыласым 16 жекпе-жекте 12 мәрте жеңіске жеткен IBF Latino чемпионы. Бұл 2020 жылғы мен үшін алғашқы үлкен сынақ!», - деп жазған болатын отандасымыз Instagram-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев былтыр 26 қыркүйек күні Монреальда мексикалық Мигель Васкеске қарсы (41-9, 15 КО) өткізген соңғы жұдырықтасуында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингінде ол өз салмағында 11-ші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар