+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Канадада аю 37 жастағы әйел мен оның сәбиін талап тастады

2018 жылғы 28 қараша 17:11
Бөлісіңіз:
Канадада аю 37 жастағы әйел мен оның сәбиін талап тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Юкон аймағында әйел мен оның 10 айлық қызы гризли аюының шабуылынан көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CBC News-қа сілтеме жасап.

Коронер Хизер Джонстың айтуынша, 37 жастағы Валери Теорет пен оның қызы Адель Рошолттың денелерін дүйсенбі күні отағасы тауып алған.

Аю шабуылдаған кезде әйел мен бала үйде жалғыз болды, дейді коронер.

«Оқиға кезінде анасы мен қызы есік алдында қыдырып жүрді, бұл шамамен сағат 10:00 мен 15:00 аралығында болған», - делінген баспасөз парақшасында.

Квебек тумасы Валери бала күтімі бойынша демалыста болған. Декретке шыққанға дейін ол Уайтхорс Бастауыш мектебінің 6-сыныбына француз тілінен сабақ берген. Коронердің мәліметінше, соңғы үш ай бойы отбасы Эйнарсон көлінің маңында саяхаттап жүрген.

Сағат 15:00-де аңнан келе жатқан Жерман Рошолт үйінен 100 метр жерде аюға тап болды. Оны атып тастап, үйіне кірген сәтте зайыбының денесін, ал үйдің сыртында баласының денесін көрді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT