Канадада аптап ыстықтан миллиардтаған теңіз жануарлары қырылды

None
None
ТОРОНТО. ҚазАқпарат – Канадада аптап ыстық салдарынан миллиардтаған теңіз жануарлары қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Toronto Star-ға сілтеме жасап.

Канаданың жағалау аймағының жүздеген шақырымында Британдық Колумбияның Тынық мұхиты жағалауындағы жартасты жағалауларда мекендейтін мидиялардың, ұлулардың, теңіз жұлдыздарының бос қабықтары жағаға шығып қалған.

Биологтар жағалау бойындағы кейбір жерлерде +50 градус температураны тіркеді. Әдетте мұндай теңіз жануарлары +30 градусқа дейінгі ыстыққа ғана төтеп бере алады.

Соңғы жаңалықтар