Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған. Онтарио провинциясында 478, Квебекте 425, Британдық Колумбияда 85, Альбертте 16, Саскачеван мен Юконда екі адам инфекцияны жұқтырған.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Канаданың Ұлттық микробиологиялық зертханасының мамандары вирус жұқтыру жағдайларының саны одан әрі өзгеруі мүмкін деп мәлімдеді. Себебі бірқатар өңір тұрғындарынан тестілеу бойынша әлі де маймыл шешегі вирусы анықталып жатыр.

Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі бірнеше провинция мен аумақтарға Imvamune вакцинасының 80 мыңнан астам дозасын ұсынды, сондай-ақ елдегі серіктес зертханаларға бақылау материалдары мен хаттамаларын ұсына отырып, орталықтандырылмаған тестілеуді қолдап отыр.


Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото



Соңғы жаңалықтар