Канада тауларында 20 жасар қазақстандықты құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚарАқпарат - Қазақстандық сноубордшы Арслан Жүніс қар құрсауында қалып, құтқарушылар келгенге дейін Канада тауларында түнеді.

Құтқарушылардың айтуынша, дүйсенбі күні түнде көмек сұрап, смс-хабарлама жіберген, алайда ол тек сейсенбі күні таңда табылды. Арслан Жүністі жергілікті уақытпен таңертең сағат 10-да тікұшақпен құтқарды. «North Shore Rescue» құтқарушыларының айтуынша, қазақстандық қатты тоңған, бірақ тауда түнегенін есепке алғанда оның жағдайын жақсы деп бағалауға болады, деп хабарлайды News Vancoover.

Арсланның сөзіне қарағанда, ол құтқарушылар келгенге дейін қарлы үңгірде түнеген. Олардың көмегінсіз тірі қалуы екіталай іздеу бригадасына алғыс білдірді. Қуанышқа орай, ауа райы жылы болған. Арсланның әкесі Бағлан Жүніс Kazakh Alpine Club президенті болып жұмыс жасайды. Оның айтуынша, ол канадалық құтқарушылардың кәсібилігіне күмән келтірмеген. Бұл туралы Facebook-ке жазды. «Кеше Канада тауларында Арсланнан көмек сұраған хабарлама келді. Мен бірнеше рет құтқару операцияларына қатысқанмын (...) Арсланның тауда суық түнге шыдауы маңызды еді. Ол мұны жасай алды. Олар арада 17 сағат өткеннен кейін құтқара алды. Біз кеше күні бойы ұлымыз үшін жалбарындық. Ол жарады, барлығын дұрыс жасады. Үңгір қазып, дұрыс қымтанып, абдырамай құтқарушыларды күтті!», - деп жазды Арсланның әкесі.

Соңғы жаңалықтар