Канада премьер-министрі коронавирус жұқтырды

None
None
ОТТАВА. ҚазАқпарат - Канада премьер-министрі Джастин Трюдо коронавирус жұқтырды. Ол бұл туралы Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джастин Трюдо жалпы мемлекеттік ережеге сәйкес апта бойы үйден жұмыс істейтін болады. Ол өзін жақсы сезінетіндігін мәлім етті.

Премьер-министр отандастарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға шақырды.

29 қаңтарда Трюдо отбасымен бірге қауіпсіздік мақсатында Оттавадан кеткені хабарланған болатын. Астанада демалыс күндері міндетті екпеге қарсы жаппай наразылық өтті. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттарына баратын жүк көліктерінің жүргізушілері АҚШ шекарасын кез келген бағытта кесіп өтетіндерге 15 қаңтардан бастап енгізілген міндетті вакцинация салдыру талабына қарсылықтарын білдіруде.

Үкіметтік мәліметтерге сәйкес Канаданың шетелге сапар жасайтын 120 000 жүк көлігі жүргізушілерінің 90% вакцинацияланған.

2021 жылдың 18 желтоқсанындағы жағдай бойынша 12 және одан жоғары жастағы канадалықтардың 87,3%-ы екпенің екі дозасын алды.


Соңғы жаңалықтар